Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі талқыланды

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі талқыланды

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЗК-169/4 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау» мақсатында семинар-кеңес өткізілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Елбасы Жолдауындағы басым бағыттардың бірі – жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. Яғни, жемқорлық деректерінің алдын-алу жұмыстарын күшейту керек. Жолдауда көрсетілген мақсат міндеттер осыны көздейді. Мекемедегі семинар-кеңестің де мақсаты жемқорлықтың себебімен күресуді көздейді.
Семинар-кеңеске ««Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Мақсұт Ибрашев, ҚАЖ департаменті өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі әділет капитаны Қадір Жұмабеков, ҚАЖ департаменті кадр жұмысы тобының жеке құрам бойынша инспекциясының аға инспекторы әділет майоры Айдос Альназаров және ЗК-169/4 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңесті ЗК-169/4 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Азат Сейітқасымұлы ашып беріп, сөз кезегін Мақсұт Ибрашевқа берді.
«Қазіргі қоғамда сыблас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы, адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды. Себебі, мұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттік дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, бармақ-басты көзқарасты әдет әлі қалмай келе жатыр. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз екенің айтып, бұл проблемамен жан-жақты жұмыла күресу керек», - деді Мақсұт Ибрашев.
Мұнан кейін Қадір Жұмабеков «Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында теңдігін» айта келіп, жемқорлықпен күресу жалпыға ортақ іс екенін тағы бір еске салды.
«Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиян зардаптарын жою, олардың алдын алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде күрес жүргізуге, яғни жемқорлықпен күресу-жалпыға ортақ. Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданылысында кеңінен қолданылады және терең тарихы бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі – лауазымды адамды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық пен сатқындықты танытуы», - деді Қадір Жұмабеков.
Семинар-кеңестің соңында ЗК-169/4 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Азат Сейітқасымұлы жиында қозғалған мәселелерден кейін қорытындылар шығару керектігін айтып, мекемедегі мамандарға тапсырмалар берді. Сондай-ақ алдағы уақытта мұндай семинар-кеңестер жалғасын табатындығын айтты.
27 наурыз 2019 ж. 336 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области