ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәжіліс залында сала ардагерлері, департамент басшылығы мен жеке құрамның қатысуымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті.
Департамент бастығының орынбасары Талғат Тұрсынбаев мерекемен құттықтап, еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріне сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, сондай-ақ, департамент бастығының марапаттау туралы бұйрығы оқылып, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер марапатталды.
Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Арман Төтебаев ҚР Ішкі істер министрінің «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен наградталса, өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел өкілі, әділет майоры Шыңғыс Мәмбетияров Құрмет Грамотасымен, Серік Сейдахметов министрліктің грамотасымен марапатталды.
Ал ЗК-169/4 мекемесінің кадр жұмысы тобының аға инспекторы, әділет капитаны Абдолла Уайдаев ҚР ІІМ-нің ҚАЖ комитетінің «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» медалімен наградталды. Шара барысында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлер Кеңесінің төрағасы Серікбай Жамуров айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Қызылорда облысы бойынша
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті