Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Белсенді жастар барша қазақстандық жас буынға үндеу жасады

Белсенді жастар барша қазақстандық жас буынға үндеу жасады

«Nur Otan» партиясының орталық аппаратында белсенді жастар бас қосты. Жастар отырыс барысында елорда атауының өзгеруі туралы ойларын ортаға салып, тарихи сәтті қуанышпен қабылдағандарын жеткізді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 19 наурызындағы халыққа жолдаған үндеуін бәріміз де тыңдадық. Елбасының кез келген шешімі еліміздің дамуына септігін тигізетініне сенемін және саяси маңызы бар шешім деп есептеймін. Ұлт Көшбасшысы бұл қадамға қаншама уақыт терең ойлана барғандығы аян. Бәсекеге қабілетті ел болуда Елбасының үлесі ерек. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Респбликасынң Тәуелсіздігінің негізін қалаған, оның қайта жандануына елеулі үлес қосқан тұлға ретінде санамызда мәңгі қалады. Есімі алтын әріппен тарихқа жазылуға лайықты тұлға, - деді «Nur Otan» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының мүшесі Бақтияр Мәкен.
Жастар жиыны одан әрі елорданың Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгеруі туралы ойларына ойысты.
Жастар ұйымдарының көшбасшылары өз пікірлерін білдіріп жатты. Соның бірі ҚР Халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова Елбасының қиындыққа қарамастан, 26 жыл бұрын «Болашақ» бағдарласын ашып, он үш мың қазақстандық жастарға шет мемлекетте білім алуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіре келе «Біз, болашақтықтар, астананың атауы Нұр-Сұлтан қаласына өзгеруін қолдаймыз!» - деді.
«Тарихи сәтке куә болып отырған, тәуелсіз елдің жастарымыз. Біз Елбасының салған даңғыл жолымен келеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде айтқандай, жастарға үлкен сенім артты. Сондықтан, біз, студент жастар, бұл жолды әрі қарай жалғастырамыз. Елімізіді дамытуға бар күш-жігерімізді саламыз. Қазір Астананың атауын өзгерту туралы халық көп пікір білдіруде, соған қарамастан, біз Нұр-Сұлтан атауы да болашақта жаңа бренд болып қалыптасатынына сенімдіміз», - деді Қазақстан студенттері Альянсының Президенті Ільяс Түстікбаев.
«Nur Otan» партиясының хатшысы Фархат Қуанғанов жастардың жылы лебіздерін естіген соң, Елбасының жастарға үнемі ерекше мән беріп, сенім артып жүретіндігінің еш кетпегендігіне қуанды деп атап өтті.
«Елбасының еңбегі туралы көп ой айтылуда. Әсіресе, Астана қаласының қалануында оның үлесі айрықша болды. Елорданың Нұр-Сұлтан болып жаңа атқа ие болуы - елдің әрі қарай Елбасының салған жолымен жүретіндігінің айғағы болмақ. Адамзат баласы, әрине, жаңалыққа тез үйрене бермейді. Бұл әрекет саяси тұрғыда терең талданып жасалған ойдың сәтті нәтижесі. Бүгінгі отырыста тарихи маңызды іс жасаудамыз. Өз болашағымызға таңдау жасаймыз», - деді.
Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің есімі қазақ халқының жадында мәңгі сақталатынын тілге тиек еткен Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі Максим Споткай Елбасының тек тәуелсіздігімізді қалауда ғана емес, оны сақтауда, нығайтуда да маңызды рөл атқарғандығына тоқталды.
«Қазіргі таңда жастардың алдында тұрған басты мақсат - Елбасы салған бағытты сақтап қалу, саясатын әрі қарай жалғастыру. Елордамыздың Нұр-Сұлтан болып өзгеруін тарихи шешім деп қабылдау керек. Оның рөлі әлем аренасында астанамыздың имеджін қалыптастыруда, дамытуда ерек болады. Бұл тәуелсіз Қазақстан жастарының атынан Елбасыға жасалған құрмет нышаны болады деп санаймын», - деді Максим Споткай.
Сондай-ақ, жастар Н.Ә.Назарбаев Президенттік өкілеттілігін тоқтатқанмен, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесі ретінде өз қызметін, еліміздің дамуына одан әрі өз үлесін қосуын жалғастыра беретініне сенім артты.
Ойлары бір арнада тоғысқан жастар ұйымдарының жетекшілері мен жас көшбасшылар отырыс соңында қазақстандық жастарға үндеу жасап, жас қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті айқындаған стратегиялық бағытқа қолдау көрсетуде бірлік, татулық пен келісім танытуға шақырды.
Жиынға «Nur Otan» партиясының «Жас Отан» ЖҚ, ҚР Халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы, Қазақстан жастарының конгресі, Қазақстан студенттер альянсы, «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары, Қазақстан халқы Ассемблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы, Қазақстан КВН Одағы, ҚР Ұлттық Дельфий комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы Жастар ресурстық орталығы, Ұлттық еріктілер желісі, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының өкілдері қатысты.

27 наурыз 2019 ж. 492 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области