Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мамырдан бастап қазақстандықтарға 40 мың пәтер беріледі – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мамырдан бастап қазақстандықтарға 40 мың пәтер беріледі – Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңес өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері қатысты.
«Ақордадағы кеңес барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді. Соның ішінде президент әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер беру мәселесін жеделдетуді және бұл үдерісті биылғы мамыр айынан бастауды жүктеді», - деп жазды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымға қатысты жүйелі мәселелерді шұғыл шешудің маңызды екенін атап өтті.
Ақордадағы кеңес барысында Президент мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы тиімді байланыстарды жолға қоюдың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың коммуникацияның заманауи арналарын пайдалана отырып, тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы өңір әкімдеріне халықпен үнемі кездесуге және елді мекендерді жиі аралауға тапсырма берді.

27 наурыз 2019 ж. 603 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области