Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ерлердің миы ерте қартаяды

Ерлердің миы ерте қартаяды

Қанша егде тартса да әйелдердің ерлерге қарағанда есте сақтау қабілеті жоғары болады екен. Мұның сыры неде? Жуырда Сент-Луистегі Вашингтон университетінің зерттеушілері осыған қатысты зерттеулерінің нәтижесін Proceedings of the National Academy of Sciences басылымында жариялады.
Жас келе адам миы да қартаяды. Бірер жыл бұрын ағылшын зерттеушілері "барлық дене мүшелерінің ішінде үлкен ми мен өкпенің қартаюы ең тез, бауырдың қартаюы біршама баяу болады" деген қорытынды жариялаған болатын.
Ерлер мен әйелдердің дене мүшелерінің қартаюында да айырмашылық бар екен. Вашингтон университеті ғалымдары 205 адамға арнайы зерттеу жүргізген. Оның 121-і әйел болса, 84-і ер. 20 мен 82 жасқа дейінгі аралықты қамтыған. Барлығы позитронды-эмиссиялық томографиядан өткен. Осы арқылы глюкоза мен оттекті қажет ету мөлшері өлшенген.
Зерттеу нәтижесінде ерлердің миы әйелдердікіне қарағанда ерте қартаятыны анықталған. Әйелдердің миы ерлерге қарағанда орташа есеппен 3,8 жылға жас болып шыққан. Ал ерлердің миы өзінің табиғи жасынан 2,4 жыл егде болады екен.
Зерттеушілер ерлердің миы ерте қартаяды деген қорытынды жасағанмен, оның себебін де айта кеткен. Өйткені, ерлер әйелдерге қарағанда үлкен өмірді 3 жыл ерте бастайды. Мұны есептейтін болса, нәтиже теңеседі.
«Біз әзір нақты қорытынды жасауға асықпаймыз. Дегенмен әйелдер қартайса да есте сақтау қабілеті жоғары болатынын аңғаруға болады. Бұл олардың миының жас болуына байланысты. Қазіргі таңда бұл гипотезаны әлі зерттеудеміз», - дейді университет доценті Ману Гоял.
Ғалымдар өз зерттеулерінің нәтижесі бойынша Альцгеймер дертінің пайда болуына да мидың қартаюы қаншалықты әсер ететінін бақылап көрмек.

30 наурыз 2019 ж. 506 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области