Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы: Шағын және орта бизнес субъектілерінің 85 пайызы жұмыс істеп тұр

Қызылорда облысы: Шағын және орта бизнес субъектілерінің 85 пайызы жұмыс істеп тұр

2019 жылдың 1 наурызы бойынша аймақта 43 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның 85 пайызы тиісті деңгейде жұмыстарын жүргізуде, деп жазады Kyzylorda-news.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы жылдың өзінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 13,8 пайызға өсті.
Айта кетейік, аймақта жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауқымды және жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.
Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті шағын несиелеуге 4 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Олар жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту "Еңбек" бағдарламасын іске асыруға бағытталатын болады. Оның ішінде облыстық бюджеттен өңірлік инвестициялық орталық үшін стартап-жобаларды қаржыландыруға 500 млн.теңге бөлінеді.
Сонымен қатар, "Бизнес-Кеңесші" бағдарламасы аясында 2019 жылы 737 адамды оқыту жоспарлануда. Ал "Бастау-Бизнес" бағдарламасымен 800 адам біліктілігін арттыратын болады.
"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша жыл басынан бері екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 658 млн.теңгені құрайтын 27 жобаны мақұлдаған.
2018-2020 жылдары аймақта Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы болып жарияланып, «Жол картасы» әзірленді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған ең үздік облыс деп танылып, Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевқа "Алтын сапа" сыйлығын табыстады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап облыста Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы базасында кәсіпкерлік мақсаттар үшін жер учаскелерін беру бойынша ашық аукциондар өткізілуде. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы аймақ басшысының бастамасымен "бір өтінім" қағидаты бойынша 70-тен астам қызмет түрі тегін көрсетілетін "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" құрылды. Мысалы, жер қатынастары саласында 21 қызмет түрі көрсетілсе, оның 7 мемлекеттік қызмет болып табылады.
29 наурыз 2019 ж. 309 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области