Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы – шағын және орта бизнес субъектілерінің өсуі бойынша көшбасшы

Қызылорда облысы – шағын және орта бизнес субъектілерінің өсуі бойынша көшбасшы

2018 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған ең үздік өңір деп танылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін "Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған" Жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа «Ең үздік бизнес орта құрғаны үшін» номинациясы бойынша "Алтын сапа" сыйлығын табыстады.
Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қарашасында өңірде 51 956 шағын және орта бизнес субьектісі тіркелген, оның ішінде 42 066 жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12,7 пайызды құрады. Бұл - республикада ең жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі тіркелгендер санының 80,9% - ын құрады.
Естеріңізге сала кетейік, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту мәселелерін тиімді шешу мен жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін айтарлықтай арттыру мақсатында облыс әкімдігінің, облыстық мәслихаттың, "Нұр Отан" партиясы филиалының, қоғамдық кеңестің және өңірлік кәсіпкерлер палатасының шешімімен 2018-2020 жылдары өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы ретінде жарияланды. Жыл басында "Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жол картасы" әзірленді. Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға республикалық және облыстық бюджеттен, банктер мен қорлардан 32 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның ішінде стартап-жобаларға 3 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған.
Жаппай кәсіпкерлікті, әсіресе ауылдық жерлерде дамытуға өңірде басымдық беріліп отыр, облыстың әрбір ауылдық елдімекеніне жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшыларынан шағын және орта бизнесті дамытуға жауаптылар бекітілді. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша өз ісін осы жылы бастаған әр аудан мен облыс орталығындағы үздік стартап-кәсіпкерлерді, сондай-ақ ауданның үздік әкімін және жауапты лауазымды тұлғаны 1 млн.теңге көлеміндегі сыйақымен марапаттау туралы шешім қабылданды.
Еске салайық, болашақ және өз істерін бастаған кәсіпкерлер үшін барлық қолайлы жағдайларды жасау мақсатында Кәсіпкерлер үйі ашылды. Мұнда облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Жобаларға сараптама жүргізу орталығы» ЖШС, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, екінші деңгейлі бірқатар банк филиалдары және өзге де мекемелер орналастырылған. Сондай-ақ, аймақтың кәсіпкерлері үшін электрондық қызмет түрлерін тегін алуға болатын онлайн-кабинет жұмыс істейді.


11 желтоқсан 2018 ж. 569 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области