Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төсекте 60 күн жатқан әйелге 7 млн теңге беріледі

Төсекте 60 күн жатқан әйелге 7 млн теңге беріледі

NASA ғарыш агенттігі жаңа тәжірибені жүзеге асыру үшін еріктілерді жинауға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
АҚШ-тың ғарышты зерттеуге маманданған агенттігі әйелдерді уақытша жұмысқа шақырып жатыр. Мұны кейбір азаматтар оңай жұмыс деп ойлауы мүмкін. Бірақ барлығы олар ойлағандай оңай емес.
Жаңа бағдарламаға қатысқысы келетін азаматтар 60 күн төсекте жатуы керек. Сол үшін агенттік оларға 18,4 мың доллар немесе 6 миллион 828 мың теңге көлемінде сыйақы береді. Жаңа тәжірибенің негізгі мақсаты – салмақсыздықты зерттеу, әрі ұзақ уақыт көлденеңінен жату адамның денесіне қалай әсер ететінін анықтау.
Зерттеуге қатысатын азаматтар барлығын жатып істеуі керек. Мысалы, гигиеналық процедураларды орындаған сәтте осы талапты міндетті түрде орындауы шарт. Олар күн сайын жарты сағатын арнайы центрифуга да өткізеді. Онда жасанды гравитациясы болады.
Сондай-ақ экспериментке қатысушылар үшін диетологтар командасы арнайы тамақтану мәзірін әзірлеп жатыр. Мамандар тәжірибе аяқталғанға дейін қатысушылар артық салмақ қоспайды деп уәде беріп отыр. Бүгінде NASA экспериментке қатысуға ниет білдірген 24 жастан 55 жасқа дейінгі азаматтарды іріктеп алуда.
Тәжірибе осы жылдың қыркүйек айында Германияның Кельн қаласындағы аэроғарыш орталығында жүзеге аса бастайды. Бағдарламаға қатысу үшін аталған орталықтың сайтына өтініш қалдыру керек.
30 наурыз 2019 ж. 337 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области