МАРСТЫ ЗЕРТТЕУГЕ ТІКҰШАҚ ҚОЛДАНЫЛАДЫ
Ол қызыл ғаламшарға 2020 жылға қарай ұшырылмақ. Мақсат – ондағы тіршілік көздерін зерттеумен бірге осы әуе көлігінің ұшу қабілетін тексеріп көру.
Айта кетейік, тікұшақ қашықтан басқарылады. Көлемі доптай, ал салмағы 2 келідей болатын құралды дайындауға 4 жыл уақыт кеткен.
Бірақ қазіргі ұшақтарға қарағанда оның қауқары 10 есе артық. Минутына 3 мың айналым жасайды. Сөйтіп, NASA-ның бұл құралы басқа ғаламшарда алғаш рет қолданылатын тікұшақ болмақ.