Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕ МҰЗ АЙДЫҢ ОРТАСЫНДА ЖҮРЕДІ ДЕП КҮТІЛУДЕ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕ МҰЗ АЙДЫҢ ОРТАСЫНДА ЖҮРЕДІ ДЕП КҮТІЛУДЕ


        Әзірге қала және елді мекендерде су тасу қаупі жоқ. Су тасу қаупі бақылауда. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникацилар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Қоршаған орта және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов мәлімдеді.  
    Ә.Қарлыхановтың айтуынша, судың мол көлемі Шардара және Көксарай су қоймасын толтыруда.
    "Мұздың бірқалыпты өтуі ауа-райына байланысты. Биылғы жылы атқарылған жұмыстар мұзды қауіпсіз түрде өткізеді деп ойлаймыз. Бүгінге дейін Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына босатып жатқан су көлемі 500 м/с құрап, 1 наурыздан бастап Шардарадан келетін су көлемі 500-ден 400 м/с азайтылды. Оның 380 м3/с Көксарайға, қалғаны Сырдария өзеніне түсуде, - деді Ә.Қарлыханов.
    Сонымен қатар, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағанбетовтың айтуынша, нақты кезеңде өзенде мұз еру процесі жүруде.
    «Мұз жүру әлі басталған жоқ. Ал, оңтүстік аудандарда ауа райының жаңбырлы болуы мұздың жұқаруына әсерін тигізді. Қазіргі таңда, мұз еру процесі басталды. Егер жауын-шашын болса, мұз тұрған жерінде еріп кетуі мүмкін. Кепіл де айта алмаймыз. Дегенмен, мұз еру наурыз айының ортасында жүреді деп күтіп отырмыз", - деді С.Сермағанбетов.
    Сондай-ақ, алдағы 3 жылда 19 қауіпті учаскені қалпына келтіру үшін республикалық бюджеттен 13,7 млрд теңге бөлінеді.
    Айта кетейік, бүгінге дейін Сырдария өзенінің 95 қауіпті учаскесінде жер жұмыстары атқарылды. Дарияның қауіп тудыратын учаскелерінде кезекшілік қойылды. Техникамен қамтамасыз етілген 172 мекеме бекітіліп, 500-ге жуық техникамен, қажетті материалдық-техникалық қорлары жасақталған. Екі тікұшақ дайындыққа келтірілген. Мұз жару жұмыстарын жүргізуге арнайы мамандандырылған мекемемен алдын ала келісім жасалынды.  

03 наурыз 2018 ж. 923 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области