Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Пластик ыдыс сатуға тыйым салынды

Пластик ыдыс сатуға тыйым салынды

Еуроодақ аумағында 2021 жылдан бастап бір реттік пластик ыдысты сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz«Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
«Қара тізімде» тәрелке, стақан, қасық, сусын ішуге арналған түтіктер, тағам салатын контейнерлер мен полистиролдан жасалған мақта таяқшалары бар. Бұл тыйымды қолдап, Еуропарламенттің 560 депутаты дауыс беріп, 35-і қарсы болған. Заң күшіне енуі үшін, оны Еуроодақ Кеңесі мақұлдауы қажет. Еурокомиссияның мәлімдеуінше мұхит пен теңіздердегі қоқыстың 80 процентінен астамы - пластик. Сарапшылардың айтуынша, енді жүгері немесе қант қамысынан жасалған ыдырайтын пластикті пайдалануға болады. Бірақ оның бағасы едәуір қымбат.
Дамьен Амельрик, мейрамхана иесі:
- Биологиялық жолмен ыдырайтын сүт қышқылынан ыдыс жасау пластиктен қымбат. Мысалы, ондай шанышқының бағасы 4 есе жоғары. Сондықтан бұл әрине ақша мәселесі. Бірақ пайдамды азайтса да осындай ыдыс қолданамын деп шештім. Себебі қоршаған ортаға келтіретін зияны аз. Жауапты болып, жаһанымыз бен адамдардың денсаулығын сақтауға бар күшімізді салуымыз керек.
31 наурыз 2019 ж. 752 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области