Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "Ұлылардан ұлағат" атты оқушылар арасында қалалық байқау өтті

"Ұлылардан ұлағат" атты оқушылар арасында қалалық байқау өтті

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының негізінде А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Ұлылардан ұлағат» атты мектеп оқушылары арасында қалалық байқау өттті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
«Ұлы дала тұлғасы» турында қатысушы топтар өз қалауы бойынша ұлтымыздың атақты тарихи тұлғалары мен олардың жетістіктерінен сахналық көрініс көрсетіп, екінші туры бойынша батырлар жырынан үзінді оқыды.
Сондай-ақ, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Бейбарыс, Күлтегін секілді ұлыларымыз, хандарымыз бен билеріміз жайлы көрермендерге сұрақтар беріліп, ұтымды да нақты жауап берген жандарға естелік сыйлықтар берілді.
Сайыс қорытындысында бірінші орынды №235 мектеп оқушылары жеңіп алды. №112 мектеп екінші орынды иеленсе, №187 мектеп жүлделі үшінші орынға ие болды. Ал, №257 мектеп пен №11 мектеп лицей дипломант атанды.
Айта кетейік, байқауға қатысқан барша балаларға "Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" АО атынан сыйлықтар табысталды.

02 сәуір 2019 ж. 612 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области