Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Келесі жылдан бастап кей дәрігерлердің зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін

Келесі жылдан бастап кей дәрігерлердің зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін

Ал, келесі жылдан бастап кей дәрігерлердің зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі заңға осындай өзгеріс енгізбек, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.
Ол тізімге хирургтар, акушер-гинеколог және неонатологтар кіреді. Сондай-ақ, елімізде нәрестеге екпе салғызбаған ата-ананы жауапқа тартып, баланы бақшаға қабылдамауы мүмкін. Толығырақ, Әлішер Өмрзақ жалғасытарды.
Ай-күні жетпей туған нәрестелер мен туа біткен даму кемістігі бар бөбектерге күтім жасайтын неонатолог Ирина Цубенконың жұмысы аса жауапкершілікті талап етеді. Ол өз тәжірибесінде 24 апталық шала туған, салмағы 500 грамм ғана шақалақтарды да бағып-қаққан.
«Бізге көбіне шала туған балалар түседі. Туа салысымен бізге әкеледі. Аналар сәбиін ешкімге бергісі келмейтіні түсінікті ғой. Эмоцияға беріледі. Олармен жұмыс жасау да оңай емес. Денсаулығында кінәраты бар нәрестелерге күтім жасау өте қиын. Олар сөйлей де алмайды. Өткен жылы біз осындай 40-қа жуық баланы қабылдап, күтім жасап шығардық», - дейді дәрігер-неонатолог Ирина Цубенко.
Осындай психо-эмоционалдық тұрғыда жұмысы ауыр дәрігерлердің зейнетке ерте шығу мүмкіндігі болуы керек,- дейді министрліктегілер. Тіпті заңға өзгерістер енгізуді қарастырып отыр. Бірақ, ертерек зейнетке шығу үшін, дәрігердің зейнетақы қорында ақшасы жеткілікті болу керек. Онда ай сайын тиісті 10 пайыздан бөлек, қосымша қаражат салуға тура келеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегінше, бүгінде еркектер 9,1 млн теңге қормен 55 жастан, ал әйелдер 13 млн теңгемен 51 жастан зейнетке шыға алады.
«Бұрын КСРО кезінде жұмысы ауыр дәрігерлерге мұндай мүмкіндік берілген. Зейнетақы қорында ақшасы жеткілікті болса, біз 55 жастан демалысқа шығуды ұсынып отырмыз. Жұмыс өтілі де маңызды. Қанша жыл болуы керегі қазір талқыланып жатыр», - дейді ҚР ДСМ денсаулық сақтауды дамыту ро менеджмент орталығының басшысы Салтанат Идрисова.
Сондай-ақ заң жобасына енетін өзгерістер қатарында соңғы жылдары елді дүрліктірген «екпе» мәселесі де бар. Бүгінде балаға 18 жасқа дейін 13-ке жуық екпе салынады. Ал Денсаулық сақтау министрлігі міндетті деп тапқан вакцинаны балаға салғызбаған ата-анаға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды көздеп отыр.
«Ата-ана баласына екпе салғызудан бас тарту арқылы өзінің ғана емес өзгенің баласына да қауіп төндіреді. Сондықтан айыппұл ақталады деп сенеміз. Сондай-ақ екпесі жоқ балаларды балабақшаға кіргізбеу керекгін алға тарттық. Баланың иммунитеті әлсіз болады. Сондықтан бұл сақтық шарасы», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабулов.
Денсаулық сақтау министрлігі заңға енгізгелетін өзгертулерді толық талқылап, бір жұмадан кейін Парламентке жібереді. Құжаттағы өзгертулер жазда күшіне күшіне енеді деп күтіледі.
03 сәуір 2019 ж. 463 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области