Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кісі қағып кеткен баланың ата-анасы қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін

Кісі қағып кеткен баланың ата-анасы қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін


Қызылордада 22 жастағы бойжеткенді көлікпен қағып кеткен 14 жасар бозбала қылмыстық жауапқа тартылмауы мүмкін. «Астана» арнасына сұқбат берген адвокат Светлана Бржанова осылай деді. Өйткені, заңға сай 16 жастан асқандар ғана жол көлік оқиғаларына қатысты қылмыстарда жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды astanatv.kz.
«Көлік тізгіндеген бала кәмелетке толмағандықтан, ол Заңға сай мүлде жауапқа тартылмайды. Сот көліктің иесін анықтауы тиіс. Егер темір тұлпар баланың ата- анасына тиесілі болмаса және бала оны өзі айдап әкеткені дәлелденсе, көлік иесі әкімшілік жазаға тартылады. Егер, кісі қағып кеткен көлік баланың әке-шешесінікі болса, онда олардың бірі үш жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін», - дейді СҚО адвокаттар алқасының мүшесі Светлана Бржанова.
Ал, оның көлігінің астында қалған қыз алған жарақаттарынан 4 күн ауруханада ес-түссіз жатқан күйі көз жұмған. Сақшылар екі бірдей бап бойынша сот алды тергеу жүргізуді бастаған. Марқұмның туыстары әділ тергеуді талап етіп отыр.
«Оқиға орнында оның анасы көліктің тізгінін ұлына өзі бергенін айтты. Тәртіп сақшылары дәл сол маңдағы бақылау камералары басқа жаққа қарап тұр деді. Шындықты іздеп шырылдап жүрміз», - дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Сәния Абдуллаева.

09 қаңтар 2019 ж. 449 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области