Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 14 бағытта берілетін субсидиялар толық электронды форматқа көшті

14 бағытта берілетін субсидиялар толық электронды форматқа көшті

Егін шаруашылығына бөлінетін субсидияның жыл сайын заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар орын алады. Сол себепті субсидияға байланысты өзгерістерге Жаңақорған аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшысының орынбасары Серік Сейдуалиев жауап берді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Биыл елімізде егін шаруашылығын субсидиялау бағытында өзгерістерге байланысты қаулы шығарылған. Қазір Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 14 бағытта берілетін субсидиялар толық электронды форматқа көшті. Енді субсидия беру үшін арнайы комиссия құрылмайды. Бұған дейін субсидияны 18 жұмыс күнінде алса, автомат-тандырылғаннан кейін 7 күнде тиісті қаржыға қол жеткізетін болады. Алайда, субсидия көлемі 2,5 есеге қысқартылады екен. Бастысы, субсидия егін көлеміне, өнімділікке емес, тұқым, гербицид және минералды тыңайтқыштарды қолдануға беріледі.
«2017 жылғы №355 бұйрықпен тыңайтқыштарды субсидиялау қағидасы бекітіліп, қағидаға сәйкес сатып алынған отандық және шет елдік тыңайтқыштардың құнын субсидиялау қарастырылды. Яғни, алынған тыңайтқыштардың 50 пайызы субсидияланды. Енді тұқым, гербицидті де субсидиялау жүзеге асуда. Диқандар әзірге осы бағытта жұмыс жасап жатыр», – деді Жаңақорған аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшысының орынбасары Серік Сейдуалиев.
Айта кететіні, жылдағыдай инвестсубсидия беріледі. Яғни, ауылшаруашылық техникаларына көмек алуға мүмкіндік мол. Маманның сөзінше, көктемгі егін науқанына трактор, соқа, тұқым сепкіш және т.б. сақадай дайын. Енді субсидия беру жайы бөлімнің құзыретіне кірмейді. Заң нормаларына сәйкес, субсидия электрондық жүйе арқылы жүзеге асады. Соның алғышарты ретінде 2017 жылы тыңайтқыштарды субсидиялау тәжірибеден өтіпті.
«Қазір шаруалар шекті бағалар шегінде минералды тыңайтқыштарды, гербицид, тұқымдарды 50 процентпен субсидиялай алады. Қазір барлығы қолжетімді. Шаруалар үйден шықпай-ақ электронды цифрлы қолтаңба арқылы өтінім беріп, өзіне қажетті қаржыны ала алады. Ол үшін qoldau.kz сайтына кіріп, толық мәліметті білулеріне болады. Бұл сайтта барлық өзгерістер мен заңға енгізіліп жатқан жаңалықтар жазылған. Тіпті, шаруашылықтың жері қайда орналасқан, топырағының анализі туралы да мағлұматтар бар. Себебі, әрбір жердің құнарлылығы бес жылда бір тексеруден өтіп тұрады. Сондықтан, мүмкіндігінше осы сайтпен жұмыс жасауды меңгеріп алғаны абзал», – деді Серік Әбжаппарұлы.
03 сәуір 2019 ж. 424 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области