Сыр өңірінде «Дені сау аймақ» жобасы жүзеге асырылады
«Дені сау аймақ» халықаралық жобасы аясында Қызылорда облысында кешенді шаралар жүзеге асырылады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz«Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

«Денсаулық күнінің бастауы 1948 жылдан басталады. Яғни Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған жылы. Осы ұйымға бүгінгі таңда әлемнің 200-ге жуық елі мүше. 1950 жылдан бастап осы мерекені атап өту дәстүрге айналды. 2018 жылы ОМО ашық есік күні 4 рет өткізілді және шара аясында 2 мыңға жуық тұрғынға кеңес беріліп, медициналық көмек көрсетілді», - дейді облыстық медициналық орталық директоры Нұридин Әмитов.