Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласында пробациялық бақылаудан жасырынған сотталған іздестіріліп табылды

Қызылорда қаласында пробациялық бақылаудан жасырынған сотталған іздестіріліп табылды

Қызылорда қалалық пробация қызметі мен Криминалды полиция бөлімінің бірлескен күші нәтижесінде іздеуде жүрген 26 жастағы пробация қызметінің есебіндегі сотталған қала аумағынан құрықталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz қалалық пробация қызметіне сілтеме жасап.
Сотталған М.Өмірбаев заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған болатын. Алайда сотталған өз міндеттері мен жаза өтеу тәртібін біле тұра, жаза өтеуден жалтарып, пробация қызметінің бақылауынан жасырынған.
«Нәтижесінде, пробация қызметімен сотталғанның баруы мүмкін деген орындар тексеріліп, туған-туысқандарынан сұрастырылған. Алайда нәтиже болмауына байланысты сот қаулысымен іздеу жарияланып, «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылған. Жүргізілген жан-жақты жедел іздестіру шаралары барысында сотталған қала орталығындағы автокөлік жуу орталықтарының бірінен табылып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды», – делінген қалалық пробация қызметі таратқан мәліметте.
Қазіргі таңда сотталғанның пробациялық бақылаудан жасырынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мәселесін шешу үшін Қызылорда қалалық пробация қызметі тарапынан ұсыным әзірленіп, іс-құжаттар сотқа жолдануда.
09 сәуір 2019 ж. 364 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру