Үкіметтік жұмыс тобы Қызылорда облысында әлеуметтік саясаттың іске асырылу барысын тексерді
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың басшылығымен Үкіметтік жұмыс тобы Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша Қызылорда облысына келді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жұмыс тобының құрамына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова, денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов кірді.Жұмыс сапарының бастапқы пункті құрылыс алаңы болды, ол жерде «Баламекен» жобасы бойынша аз қамтылған отбасылар үшін 150 тұрғын үй салынады, оның 100 – бюджет қаражаты есебінен, 50 – Б. Өтемұратова жеке қоры қаражатынан салынады.
Бұдан әрі Г. Әбіқалықова Б. Сапарбаевпен бірге 6 баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы Зарина Хамзатоваға барды. Әңгіме барысында ол облыс басшылығына көп балалы ананы жұмысқа орналастыруда жәрдемдесуге тапсырма берді.
Келесі шара «Достық үйінде» өтті. Осы жерде үкімет делегациясы көпбалалы аналармен, аз қамтылған отбасылармен, еңбек ардагерлерімен, мүгедектермен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, қоғам өкілдерімен кездесті. Өз сөзінде Премьер-Министрдің орынбасары мемлекеттік саясаттың басты басымдығы халықтың әл-ауқаты екенін баса айтты. Ол үшін бүгінгі күні өмір сапасы мен деңгейін арттыру бойынша қажетті шаралар қолдануда. Сонымен қатар басты міндет халықты жұмыспен қамту болып табылады, ал әлеуметтік әлжуаз санаттарға жан-жақты мемлекетпен қолдау көрсетіледі.
Елбасының жаңа әлеуметтік басттамаларына қолдау білдірген кеңеске қатысушылар түсіндіру сұрақтарынан басқа, әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.
Бұдан әрі жұмыс сапары қала және аудан әкімдері, кәсіпорындардың, бизнес құрылымдардың және кәсіподақтардың басшылары қатысқан жиналыспен жалғасты. Онда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту, өңірдің аз қамтылған жұмыскерлері мен тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері қарастырылды.
Гүлшара Әбдіқалықова экономиканың нақты секторларын, бизнес–қауымдастықтарды мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыруға белсене қатысуға шақырды.
Келесі кеңестің тақырыбы Қызылорда облысының 2016-2019 жылдарға арналған Білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламсын іске асыру барысы қарау болды.
Облыста 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 100% құрады, соңғы 5 жылда 69 білім беру мекемесі салынды, колледждердің 79%-ы дуальді жүйе бойынша жұмыс істейді.
Вице-премьер білім беру министрімен өңірдегі білім беру саласындағы ағымдағы жағдайды, өзекті мәселелерді және оны шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар педагог қауымға 1 маусымнан бастап жалақыны 30%-ға арттыру бойынша түсінік берілді, сондай-ақ мұғалімнің қоғамдағы беделі мен рөлі арттыруға бағытталған «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланды.
Премьер-Министрдің орынбасары және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Қызылорда қаласының Жұмыспен қамту орталығының жұмысын тексерді. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау алгоритмі толық қарастырылды. Жалпы, облыс орталығында 2018 жылы жұмыспен қамту шараларымен 3,6 мыңнан астам адам қамтылды, 7,7 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, 225 адамға кредиттер мен гранттар берілді, 54 отбасы көшірілді.
Өңірдегі жұмыс сапары соңында Премьер-Министрдің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықова азаматтарды жеке қабылдады. Атап айтқанда, облыс басшылығына Амангелді Ниталиевтіңбала кезінен созылмалы гемодеализ дертіне шалдыққан мүгедек ұлы Асылға материалдық көмек көрсету тапсырылды.
Өз кезегінде, Білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова «Шағбан» балабақшасының, «IT-IMAQORDA» балалар технопаркінің, № 268 орта мектептің және «Атаменкен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының ұстаздар қауымымен бірқатар кездесулер өткізді.
Денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева балалар ауруханасының, №6 емхананың дәрігерлерімен және медбикелерімен кездесті. Ал Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаршуашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов Сырдария ауданына барды.
Үкіметтік делегацияның жұмыс сапары Шымкент қаласында және Түркістан облысында жалғасатын болады.