Сәрсенбі күнге ауа райы болжамы
10 сәуір күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр, кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде тұман сақталады. Оңтүстікте жел жылдамдығының артуы, найзағай және бұршақ болжанады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kzҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с артуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болжанады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, сондай-ақ тұман күтіледі.