Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Синоптиктердің 9 сәуір күнгі ауа райы болжамы

Синоптиктердің 9 сәуір күнгі ауа райы болжамы

9 сәуір күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік аумағында жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады.
Өзге өңірлерде күн райы жауын-шашынсыз өтеді. Жекелеген жерлерде тұман сақталады, оңтүстікте жел жылдамдығының артуы, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20, таңертең және күндіз 25 м/с артуы ықтимал.
Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін, жекелеген аумақтарда желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында таңертең және күндіз желдің күші 20-25 м/с артады.
Ақмола, Маңғыстау, Батыс Казақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
09 сәуір 2019 ж. 372 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области