Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Электр энергиясын заңсыз ажырату

Электр энергиясын заңсыз ажырату

Қазіргі кезде өңірде энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші кәсіпорындардың тұтынушыларды электр энергиясын пайдаланғаны үшін төлем өтемегені бойынша алдын ала хабарламай, электр энергиясынан ажырату оқиғалары орыналуда. Келешекте мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында және қолданыстағы қағида талаптарына түсінік беруді жөн деп санадық.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 51-тармағына сәйкес
«Энергиямен жабдықтаушы немесе энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым мынадай жағдайларда»:
1) Электрмен жабдықтау шартында белгіленген мерзімде электр.
Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы немесе энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтау тоқтатылғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын (электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын тұтынушыларды - кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын) жазбаша (хабарлама ұсыну арқылы) немесе электр энергиясын тұрмыстық қажеттілікке пайдаланбайтын тұтынушыларға электрондық почтаға, факсқа хаттама жолдау арқылы ескертіп, электр энергиясымен жабдықтауды тоқтататындығын (шектейді) білу маңызды.
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган елімізде электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілері талаптарының сақталуын жүзеге асырады. Осыған байланысты, осы тақылеттес жағдайлар орын алып, энергия жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдар электр энергиясын заңсыз шектейтін болса, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментіне, мына мекен-жай бойынша жүгінуге болады: Қызылорда қаласы,Қызылжар тұйығы-3, 18 құрылыс тел. 70 14 84, 70 14 64, электрондық поштасы kyzylorda_kgen@mail.ru (Мемелкеттік сараптама ғимараты).
11 сәуір 2019 ж. 508 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области