Сырдария ауданында жайдарман ойыны өтті
Сырдария ауданында "Жастар жылы" аясында жайдарман ойыны өтті. Іс-шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Ғ.Жанұзақов атындағы Айдарлы ауылдық клубы ұйымдастырды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Көңілді тапқырлар байқауында Тереңөзек кентінің және Шіркейлі, Бесарық , Аманкелді, Жетікөл, Айдарлы ауылдарының командалары өнер көрсетті.Астарлы әзіл мен ұтымды ой астасқан әзілкештер бәсекесінде өнер көрсеткен жастар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қазалар алқасы талапкерлердің сахна мәдениетіне, сөз саптау шеберлігіне, әзілдің мәні мен мағынасына басымдық беріп, өнерлерін әділ бағалады.
Нәтижесінде Аманкелді ауылының намысын қорғаған жастар жүлделі І орынды жеңіп алды. Ал, ІІ орын "Айдарлы" құрамасы иеленсе, ІІІ орын тұғырынан "Тереңөзек жастары" көрінді. Мұнан бөлек ерекше өнерімен көзге түскен үздік ойыншылар анықталып, марапатталды.
Іс-шара қорытындысында қазылар алқасының төрағасы, "Қазақстан КВН Одағы" облыстық филиалының директоры А.Басаров қатысушыларға сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.