Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұр-Сұлтанда «Рухани жібек жолы» атты халықаралық конференциясы өтті

Нұр-Сұлтанда «Рухани жібек жолы» атты халықаралық конференциясы өтті

Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференция өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
Конференция жұмысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Ресей мұсылмандары діни басқармасы және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, мүфти, шейх Равиль Гайнутдин, Өзбекстан мүфтиі Усмонхон Алимов, Қытай Ислам қауымдастығының төрағасы Хасан Фа Мин, Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтомушев, Моңғолия мүфтиі Батырбек Хадыс, Финляндиядағы Ислам орталығының төрағасы Голтен Бедретдин, т.б. дін қайраткерлері, діни саладағы мемлекеттік органның басшылары, зиялы қауым өкілдері және Сыр өңірінен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Абуов бастаған қалалық «Айтбай» мешітінің Бас имамы Н.Керімбеков, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы А.Жексенов, өкілдікке қарасты «Жастар ісі» секторының үйлестірушісі С.Әбіл, «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова, жалпы саны 300 делегат қатысты.
2019 – Жастар жылы аясында өтіп жатқан конференция мақсаты – өскелең ұрпақты деструктивті ағымның ықпалынан сақтандыру, оларға дұрыс діни ақпарат жеткізу, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу мақсатында Еуразия және Орталық Азия елдері дін қайраткерлерінің күшін біріктіру, тәжірибе алмасу, «Рухани жаңғыру» идеясын насихаттау, жаһандық діни мәселелерді шешуде жаңа әдіс-тәсілдерді ұсыну, ұлтаралық, конфессияаралық диалогты нығайту.

12 сәуір 2019 ж. 499 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области