Қалалық сәулет-қала құрылысы техникалық кеңесі жұмысын тоқтатты
Кәсіпкерлердің жұмыс жасауына кедергі келтірген Қызылорда қаласы әкімінің жанындағы сәулет-қала құрылысы техникалық кеңесінің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Ақпан айында өткен Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жақсылық Ержанов техникалық кеңес облыс әкімінің қаулысымен бекітілген регламент аясында құрылғанын жеткізген.
Кеңес қорытындысымен облыстық прокуратура аталған мәселені егжей-тегжейлі зерттеу, ал кеңес мүшелері аталған әкімшілік кедергі туралы облыс әкімініне хат жолдау туралы шешім қабылданды.
Қысқа мерзімде мәселе оң шешімін тапты. Облыстық прокуратура органдарымен Қызылорда қаласы әкімі жанындағы сәулет-қала құрылысы техникалық Кеңесінің қызметінің заңдылығы зерделеніп, нәтижесімен прокуратурамен, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасымен Қызылорда облысы әкімінің аппаратына «Эскиздік жобаны келісуді өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілген облыс әкімдігі қаулысының күшін жойды. Регламенттен техникалық кеңеске қатысты бөліктерін алып тастау туралы хат берілді. Нәтижесінде Қызылорда облысы әкімінің аталған қаулысына өзгеріс енгізіліп, Қызылорда қаласы әкімінің жанындағы сәулет-қала құрылысы техникалық кеңесінің күші жойылды.
Осы және өзге де сұрақтарға қатысты мәселелер болса Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы Болат Нұрхожаевқа, сондай-ақ Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының заңгерлеріне хабарласуға болады.
Мекен-жайы:Қызылорда қаласы, Желтоқсан к-сі, 42 үй
«Бастау» бизнес орталығының 11-қабаты, Байланыс:40-09-81