Қызылордалық антикоррупциялық фронт-офис кәсіпкерге Сұлулық салонын ашуға көмектесті
Қызылордада жеке кәсіпкерге «Сұлулық салонын» ашу үшін қайта жоспарлау жұмыстарына рұқсат беруден заңсыз бас тартқан, деп жазады Kyzylorda-news.kz.
Осы мәселе жөнінде кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын фронт-офиске жеке кәсіпкер «Асанова» жүгінген.
Жеке кәсіпкер Ұлбосын Асанова көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерін реконструкциялап, сұлулық салонын орналастыруға рұқсат беру туралы Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне өтініш білдірген. Алайда, сәулет және қала құрылысы бөлімі «Көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттар» Ережесіне сүйене отырып, аталған пәтердің қабырғалары ірі панелден болуына байланысты қайта жоспарлау жұмыстарына рұқсат беруден бас тартқан.
Кәсіпкердің өтінішіне сәйкес тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, қорытындысымен кәсіпкерлік нысанын ашу үшін пәтерді қайта жоспарлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруден негізсіз бас тартылғандығы анықталды.
«Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі кәсіпкерге объектіні қайта жоспарлауға рұқсат беруден негізсіз бас тартқан Себебі, жеке кәсіпкер ҰлбосынАсанованың пәтерді Сұлулық салонына реконструкциялау бойынша ұсынған қайта жаңғырту жобасында күту залынан есік және терезе шығару жоспарланған.Ал, күту залының сыртқы қабырғасы көтергіш емес конструкция. Сол себепті «Көп пәтерлі тұрғын ғимараттар»Ережесіне сәйкес пәтерді қайта жоспарлауға болатындығы көрсетілген», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұржан Сүлейменов.
Тексеру нәтижесімен кәсіпкердің құқығы қалпына келтіріп, кәсіпкерлік объектіге қайта жоспарлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілді. Осы кемшіліктерге жол берген және реконструкция жұмысстарына рұқсат беруден заңсыз бас тартқаны үшін Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жауапты қызметкері Ж.Ысқақоваға «қатаң сөгіс» тәртіптік жазасы берілген.