Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда сыбайлас жемқорлық тақырыбы талқыланды

Қармақшыда сыбайлас жемқорлық тақырыбы талқыланды

Қармақшы ауданы әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаевтың және Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.Кездесуде сөз алған Берікбол Байхожаев Сыр өңірінде «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылғандығын, арнайы дайындалған слайд арқылы жүргізілген жұмыстар туралы айтып өтті.
Жобалық кеңсенің негізгі міндеті – аймақта тұрмыстық жемқорлықты жою, мемлекеттік қызмет көрсету барысында халыққа қолайлы жағдай жасау бағытында тиісті шаралар қабылдау болып табылады.
Тиісінше, жобалық кеңсенің құрамына мемлекеттік қызметшілермен қатар, қоғамдық ұйымдар өкілдері де енгізілгендігі туралы тоқталды.
Сонымен бірге кездесуде Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қайрат Тұрымтаев, Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Қайрат Қамзаев қатысып, сала қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
17 сәуір 2019 ж. 807 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области