Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда «Open space» технологиясының артықшылықтары таныстырылды

Аралда «Open space» технологиясының артықшылықтары таныстырылды

Аралда мемлекеттік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін Open Space» технологиясын кеңінен қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Берікбол Байхожаев Арал ауданына жасаған арнайы жұмыс сапарымен келді.
Аудан әкімдігінде өткен жиын барысында Берікбол Байхожаев Елбасы Жолдауында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес Сыр өңірінде «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы қолға алынып, жобалық кеңсе жұмысының басталғанын хабарлады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты жою, қоғамдық бақылау орнатып және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығын тарқатып айтты.
Соның ішінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі электронды түрде қарқынды жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.
«Мемлекеттік органдардың жұмысын ашықтық пен жариялылыққа бағдарлап, көрсетілетін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін Агенттіктің бастамасымен қолға алынған «Open Space» технологиясын кеңінен қолдануды ұсынамын. «Open Space» технологиясының басты мақсаты қызмет алушыларға қолайлы және кедергісіз жағдайлар жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу. Бұл азаматтардың мемлекеттік органдар жұмысына деген сенімнің артуына, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністерінің түбегейлі жойылуына мүмкінді береді», - деді Берікбол Байхожаев.
Осы мақсатты көздеген бастама аясында «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өту шекті мәні кем дегенде 50% болып белгіленді. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап, үміткерлерге тестілеу сертификаттары мен жеке қасиеттерін бағалау нәтижелерін қолма-қол беру тоқтатылды. Сондай-ақ, қағазбастылықты азайту мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілетін ішкі конкурстарға құжаттарды электронды түрде «E-gov» электронды үкімет порталы немесе электронды пошта арқылы тапсыру қамтылған.
Осы бағытта қолға алынған жұмыстарды түсіндіріп өткен департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев жиынға қатысқандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты мүлдем жою және азаматтардың сұранысына бейімделген кәсіби мемлекеттік аппарат құру бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.
16 сәуір 2019 ж. 559 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области