Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысындағы тампонажды цемент зауыты нарыққа өнім шығаруды бастады

Қызылорда облысындағы тампонажды цемент зауыты нарыққа өнім шығаруды бастады

Қызылорда облысында Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған тампонажды цемент зауыты нарыққа өнім шығаруды бастады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.Құрылысы мен жоғары технологиялы қондырғыларға 178 млн АҚШ доллары жұмсалған жобаның жүзеге асуымен импортталатын құрылыс материалдарының көлемі едәуір азаяды. Сондай-ақ ішкі нарық цементке деген тәуелділіктен арылады.
Жылына 1 млн тонна өнім шығаруға қауқарлы өндіріс ошағының болашағы зор. Себебі мұнай-газ, атом және ғарыш саласына тампонажды цемент аса қажет. Кәсіпорында барлық процесс автоматты түрде жүргізіледі.
Алып зауыттың аумағы 44 гектарды құрайды. Мен қазір өндіріс ошағының негізгі қозғалтқыш күші орналасқан жерге келіп тұрмын. Мінекей зауыттың жүрегі десек те болады. Мұнда 950 градусқа қыздырылған ұнтақ қайтадан 1400 градусқа қыздырылып, құбыр бойымен қоймаға жіберіледі. Онда ыстық ұнтақ 65 градусқа суытылып, клинкерге айналады. Қазіргі таңда 11 мың тонна клинкер қоймада сақтаулы.
«Ол клинкерге цемент түріне байланысты әртүрлі қоспалар бар. Белсенділігін көтеру үшін. Зауыт аумағына жүк көліктерімен тасымалданады», - дейді технолог Мақсат Нұрсеев.
Зауытта 260 жұмысшы тер төгеді. Көбі Қытай халық республикасына барып, арнайы оқып келді.
«Қазақ-қытай біріккен кәсіпорны дайын өнімдерін Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарынан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанға саудаламақ. Алдағы сәуірде тампонажды цементтің алғашқы партиясын шығарамыз. Жыл соңына дейін 500 мың тоннасын өндіруді жоспарлап отырмыз», - дейді компания басшысы Ли Цзиньцин.
Қазақ-қытай жобасы аясында жергілікті бюджетке қыруар қаржы құйылып, біріккен компания есебінен Шиеліде әлеуметтік нысандар салынып жатыр.
17 сәуір 2019 ж. 310 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области