Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары басқосты

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары басқосты

Kyzylorda-News.kz. Ғалымдар мерзімінен бұрын кезектен тыс Президент сайлауын өткізу ел экономикасының қарыштап дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына өз септігін тигізетінін және сайлау барлық конституциялық нормаларға сай, ашық болатынына сенімді екендіктерін жеткізді.Олар кезектен тыс президенттік сайлау – ел мүддесіне сай келетін маңызды саяси шешім екендігін айтады. Еліміздегі биліктің ауысуына байланысты болған саяси өзгерістер кездейсоқ немесе мәжбүрлі түрдегі жағдай емес. Бұл ел басшылығының ауызбірлігінің және осы уақытқа дейінгі мемлекетті басқару дәстүріндегі мол тәжірибесінің арқасында болып отырған оң өзгерістер. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырып, саяси қалыптасқан мемлекетке айналды. Кезектен тыс сайлау өткізу Қазақстанның дамуына, өсуіне және қазіргі уақыттағы республикамыздың жаңа саяси жағдайға бейімделуіне арналған.
Ғалымдардың пайымдауынша сайлау биліктің орнықтылығын, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Оның қолданыстағы заңнама нормаларына қатаң сәйкестікте өткізілуі аса маңызды. Әрбір азамат еліміздің болашағы үшін өз таңдауларын жасауы тиіс, деп ғалымдар өз ойларын білдірді.
Шара соңында жиынға қатысушылар бір ауыздан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдарының мәлімдемесін қабылдады.

19 сәуір 2019 ж. 617 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области