Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Іргелі білім ордасы 80 жылдық мерейтойын атап өтті

Іргелі білім ордасы 80 жылдық мерейтойын атап өтті

Kyzylorda-News.kz. Қызылорда қаласындағы С.Толыбеков атындағы №3 ІТ-мектеп-лицейі 80 жылдық мерейтойын сән-салтанатымен атап өтті.Мерейтойдың ашылу салтанаты мектеп ғимаратында бастау алып, мектеп мұражайы ашылды. Құрметті қонақтар ІТ сыныптарды, робототехника кабинеттерін аралап, мектеп өмірімен, ІТ бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Мерейтой А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өз жалғасын тапты. Салтанатты шараның құрметті қонағы Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев ұжым мүшелерін, мектеп түлектері мен ата-аналарды 80 жылдық мерейтоймен құттықтады. Мектептің өркендеуіне үлес қосқан ұстаздарды «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттап, ата-аналарға «Алғыс хат» табыстады.
Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова жүрек жарды лебізін білдіріп, мектеп ұстаздарын «Құрмет грамотасымен», облыс әкімінің орынбасарының «Алғыс хатымен», облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Мектептің 80 жылдық мерейтойына ақ тілегін білдіруде шетелде оқып жүрген мектеп түлектері де шет қалмапты. Алтын ұя мектебі мен аяулы ұстаздарына шын жүректен жолдаған тілектері лэд-экраннан тамашаланды. Әсіресе мектептің әр жылдардағы түлектері орындаған «Обычная история» әні әсерлі шықты.





19 сәуір 2019 ж. 758 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области