Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сайлаубай Жұбатырұлы - «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері

Сайлаубай Жұбатырұлы - «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан жазушылар одағы басқармасынан сүйінші хабар жетті. Онда Сыр елінің тумасы, белгілі эколог-жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығын иеленгені туралы айтылған.
Сайлаубай Жұбатырұлы «Қазақфильм» киностудиясында, Мәдениет министрлігінде, Қазақ телевидениесінде, М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында жауапты қызметтер атқарған.
«Отты өткел», «Бумеранг», «Жасыл сағым», «Алыстағы аралдар» сияқты кітаптары жарық көрген. Елуге тарта көркем фильмді аударған. Арал, Сырдария, Байқоңыр, Балқаш көлі мәселелерін көтерген қаламгер.
Кейіпкер трагизмі арқылы Арал тағдырын қозғаған «Абыржы» трилогиясы көркем туынды есебінде ел құлағын елең еткізді.
«Парасат» орденімен марапатталған. Отандық әдебиет саласы бойынша ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері.
Біз жерлесімізді лайықты марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.
«Сыр медиа» ұжымы
19 сәуір 2019 ж. 661 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области