Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысындағы 20 карьерге жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразы орнатылды

Қызылорда облысындағы 20 карьерге жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразы орнатылды

Kyzylorda-News.kz. Қызылорда облысындағы қиыршық тас және шеге құм өндіретін карьерлерде жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».Бүгінде аймақты 90 процент инертті материалдармен қамтамасыз ететін Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы 20 карьерге осындай құрылғы қойылған. «Бұл бастама жүк салмағы мен габариттік параметрлерді тиісті заң аясында қадағалау шараларының тиімділігін арттырады», – дейді мамандар. Осылайша автомобиль жолдарының ерте тозбай, ұзақ сақталуы ерекше назарға алынып отыр. Сонымен қатар кейбір инертті материалдарды өндіруші компаниялар 40 тонналық Қытай автокөліктерін 15 тонналық жүк көліктеріне ауыстырған. Дегенмен жыл басынан бері облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясы 190 әкімшілік құқық бұзу дерегін анықтап, 8 миллион теңгеге жуық айыппұл салған.
«Салмақ параметрлері сақталмаған деректер бойынша бірлескен жұмыс нәтижесінде 2018 жылы 2 мың 300 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Пірназарова.
22 сәуір 2019 ж. 476 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области