Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 24 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

24 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні.
Демократиялық жастар дүниежүзілік федерациясының шешімімен жыл сайын 24 сәуір күні атап өтіледі. Алғаш рет 1957 жылы атап өтілді. Бұл дата 1955 жылы өткен Азия мен Африка елдерінің Бандунг конференциясының қорытынды отырысына орай белгіленді. Бұл күн мемлекеттік органдардың, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын жастар проблемасына аударту мақсатын тұтады.

1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақстанның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1991 жылы Түркияда Қазақстан мәдениеті мен өнері күндері басталды. Осы іс-шара шеңберінде «Алтын тамырлар» атты көрме ашылды. Бұл көрме қазақ пен түрік халықтарының тарихи тамырластығын қамтыды.

1996 жылы Елбасы Н.Назарбаевқа елдегі ең жоғарғы лауазым белгілері - «Алтын Қыран» ордені, төсбелгісі және Президент байрағы тапсырылды.

2000 жылы Алматыда «Еуразия - 2000» экономикалық саммиті өз жұмысын бастады. Саммитте Орталық Азия және Кавказмаңы елдері басшылары интеграция, жаһандану мәселелерін, Еуразияның болашағын талқылады.

2012 жылы Мұхтар Әуезов қорының алғашқы «Кемеңгер» Құрмет белгісіне белгілі қазақстандық ғалым, академик Мұрат Гильманов ие болды. 2013 жылы Қостанай облыстық шығармашылық үйінде суретші Майя Демееваның жеке көрмесі ашылды.

2013 жылы Қытайда Қазақстандық студенттер қауымдастығы құрылды.

2014 жылы
Астанада Тәуелсіздік сарайында ХІІ Еуразиялық медиафорум жұмысын бастады.
24 сәуір 2019 ж. 575 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области