Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазгидромет: Сәуірдің 24-і күнгі ауа райы болжамы

Қазгидромет: Сәуірдің 24-і күнгі ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Сәуірдің 24-і күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын жауады.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, оңтүстікте мол көлемде жауын жауып, елдің батысында ғана жауын жаумайды. Еліміздің бірқатар аумақтарында тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы да ықтимал.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 метр болады.
Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарында күндіз жел көтеріліп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумағына тұман түседі.


24 сәуір 2019 ж. 324 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области