Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «7-20-25»-пен көлік сату қашан басталады?

«7-20-25»-пен көлік сату қашан басталады?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев «7-20-25» шарттарымен көліктерді сату бағдарламасы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі кезде біз Ұлттық банк пен Қазақстанның Даму банкімен аталған бағдарламаны пысықтап жатырмыз. Меніңше, бір айдың ішінде оны рәсімдеп аламыз. Содан кейін іске асыру шаралары басталады. Осы бағдарламаның қаржысы әлі түскен жоқ. Себебі мамандар оның негізгі шараттарын сараптап жатыр. Проценттік мөлшерлеме, негізгі кезеңдері, іске асыру тетіктері - осының бәрін жан-жақты қарастырып шығу қажет», - деді А.Лаврентьев.
Оның айтуынша, бір-бір жарым айдың ішінде жаңа бағдарлама толығымен дайын болады.
«Жаңа бағдарлама Ұлттық банкпен бірлесіп, іске қосылады. Қазіргі кезде бағдарламаның барлық параметрлері талқыланып жатыр. Сосын оны тиісті органдармен келісіп алу қажет. Бұған дейін бізде бір автонесие бағдарламасы қолға алынған болатын. Тура сондай механизммен жаңа бағдарлама да іске қосылатын болады», - деп атап көрсетті А.Лаврентьев.
Айта кетейік, 2015 жылы 4 пайыздық автонесие бағдарламасы қолға алынған болатын. Содан бері бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінді. Соның арқасында 13 245 отандық автокөлік жеңілдікпен сатылып, 747 коммерциялық теxника лизингке берілді.
Ағымдағы жылы 19 ақпанда Үкімет 4 пайыздық автонесие бағдарламасына қосымша 10 миллиард теңгені бөлу туралы қаулыны қабылдаған болатын.
24 сәуір 2019 ж. 374 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области