Жапон елшілігінің қолдауымен Аралда ағаш отырғызу акциясы өтті
Kyzylorda-News.kz. Бүгін Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында республикалық «Парктер шеруі – 2019» табиғат қорғау акциясы аясында жалпыхалықтық ағаш отырғызу акциясы өтті. Жас буын өкілдерін жерін қадірлеп, табиғатын қорғай білуге баулу, қоршаған ортаны аялауға ат салысуға шақыру мақсатында елімізде «Парктер шеруі» акциясы жылма жыл ұйымдастырылып келеді.
Ағаш отырғызу акциясының ашылу салтанатына аудан әкімі М.Оразбаев қатысып, аудан алқаптарын көгалдандырудың маңыздылығын айрықша атады. Бұл бағытта ауданымызға шет елдердің жасап жатқан қолдаулары көп екендігін жеткізді. Одан әрі акцияға жұмылдырылған қатысушылар қолдарына күректерін алып, сары тал, қарағаш, терек, батыс туясы ағаштарының 800 көшетін белсенділікпен отырғызып шықты.
Атап өту керек, бүгінгі ағаш отырғызу рәсімі ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, тікелей Қазақстан Республикасындағы Жапон Елшілігі, ҚР-ның Аралды құтқару қоры, аудан әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің және «Байтақ дала» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.