Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тоқаевтың ұсынуымен Жоғары соттың бес судьясы қызметінен босатылды

Тоқаевтың ұсынуымен Жоғары соттың бес судьясы қызметінен босатылды

Kyzylorda-News.kz. Сенаттың жалпы отырысында Дариға Назарбаева қызметінен босаған бес судьяға алғыс айтты. Президенттің ұсынуы бойынша Жоғары сот судьялары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сенаттың жалпы отырысында президенттің ұсынуы бойынша сот судьяларын қызметінен босату туралы мәселе қаралды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Еліс Әбдіқадыров басқа лауазымға тағайындалуына байланысты Жоғары сот судьясы қызметінен босатылды. Әбдіқадыров Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Ғалия Аққуова, Әділ Құрықбаев, Амангелді Сәрсенбаев және Моряк Шегенов отставкаға шықты.
Президенттің ұсынымын сенат депутаттары бірауыздан қолдады.
Сенат төрайымы Дариға Назарбаева қызметінен босаған судьяларға ризашылығын білдіріп, табыс тіледі.
"Басқа судьялық лауазымға тағайындалған және отставкаға шыққан судьяларға еліміздің сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Көп жылдар бойы сот саласында жинаған мол тәжірибеңізді жастармен бөлісесіздер деп сенемін. Болашақта сіздерге мықты денсаулық, мол табыс тілеймін", - деді спикер.
25 сәуір 2019 ж. 378 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области