Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дариға Назарбаева Сенат спикері болып сайланды

Дариға Назарбаева Сенат спикері болып сайланды

Дариға Назарбаева Сенат депутаттарының жасырын дауыс беруі арқылы Сенат спикері болып сайланды.

Бұған дейін, ол Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда туған, білімі жоғары. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы.
Саясат ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты.
Мәжіліс төрағасының орынбасары, Премьер-министрдің орынбасары, Парламент Сенатының депутаты болды.
"Парасат", екінші дәрежелі "Барыс", Француз Республикасының өнер және әдебиет ордендерімен, "Нұр Отан" ХДП "Белсенді қызметі үшін" медалімен, ҚР Конституциялық Кеңесінің "Конституциялық заңды нығайтуға қосқан үлесі үшін" медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
20 наурыз 2019 ж. 496 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области