Дариға Назарбаева Қазақстанда жаңа министрлік құруды ұсынды
Сенатор Дариға Назарбаева Қазақстанда сауда-саттық министрлігін құруды ұсынды деп хабарлайды Bnews.kz.
Өз мәлімдемесін Сенат депутаты сауда-саттық аясындағы мәселелердің көптігімен түсіндірді.
Дариға Назарбаеваның айтуынша, 2018 жылдың 1 тоқсанында көлік және логистика бойынша республиканың ЖІӨ 8,2% -ды көрсетіпті. Осыған байланысты көлік және инфроқұрылым министрлігі құрылған.
"Елде көтерме және бөлшек сауда үлесі бойынша ЖІӨ 2018 жылдың 1 тоқсанында шамамен 15% - ды құрады. Сонда да әлі күнге дейін сауда министрлігі жоқ", - деді ол.
Сенатордың сөздерінше, Қазақстан қазіргі таңда Еуразиядағы ең ірі транзиттік және көліктік-логистикалық хаб болып табылады.
Оған қоса, мемлекет өндіріс пен қайта өңдеуді арттыра отырып, саудадағы өз позицияларын одан әрі жақсартуда.
Назарбаеваның айтуынша, бүгінде бұл салаға Ұлттық экономика министрлігінің Сауда департаменті жетекшілік етеді.
"Біз жақында олармен заң жобасын талқылау аясында әңгімелестік. Олар ішкі саудаға, әсіресе сыртқы саудаға ықпал ету үшін ешқандай құрал жоқ екенін айтты.
Мәселен, неге бүгінгі күні ЖІӨ-де үлкен үлесі бар сала ретінде сауданың өз министрлігі жоқ?", - деп сұрады ол.