«ALTYN OIMAQ» байқауына құжат тапсырдыңыз ба?
Kyzylorda-news.kz. Елімізде жеңіл өнеркәсіпті қолдау мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП отандық дизайнерлер арасында «ALTYN OIMAQ» байқауын жариялады.
Байқауды Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры ұйымдастырып отыр.
«ALTYN OIMAQ» байқауының мақсаты киім-кешек және әшекейлердің ұлттық брендтерін қалыптастыру мен насихаттау, жаңа есімдер мен брендтерді ашу және қолдау, сонымен қатар қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту мен сұранысын ынталандыру.
«ALTYN OIMAQ» байқауына Қазақстанның кез-келген азаматы қатыса алады.
Қатысушыларға арналған номинациялар:
1. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны»;
2. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны»;
3. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны»;
4. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны»;
5. «Ұлттық әшекейлердің үздік дизайны» және «спорт аяқ киімінің үздік кастюм-дизайны».
Байқауға қатысу үшін www.fundwomen.kz сайтына кіріп, өтініш қалдыру жеткілікті.
«ALTYN OIMAQ» байқауының бас жүлдесіне ие болған алғашқы үміткерлер 2019 жылы тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Жеңіл өнеркәсіп» форумында жарияланады.