Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Даму» қорына жаңа басшы тағайындалды

«Даму» қорына жаңа басшы тағайындалды

Kyzylorda-news.kz. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жалғыз акционер болып табылатын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның шешімімен ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрайымы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып 29 сәуірінен бастап Гаухар Бөрібаева сайланды», делінген хабарламада.
Гаухар Асылбекқызы Қазақ мемлекеттік заң университетін (құқықтану), Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (қаржы), The London College UCK (бизнес менеджмент саласындағы магистр) бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Кореяның GreenIntegrated LogisticsCo.LTD көлік компаниясында менеджер болып бастады.
Әр жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-да, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-да, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-да, «Альянс Банк» АҚ-да, «Ұлттық көліктік логистиканы дамыту орталығы» АҚ-да (қазіргі «ҚТЖ Express» АҚ), «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалында жұмыс істеген.
2013 жылы тамыздан 2017 жылы наурызға дейін - ҚР Президенті Істер басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымының қаржы-экономикалық мәселелері жөніндегі вице-президенті.
2017 жылғы наурыздан 2018 жылғы маусымға дейін «Даму» қоры Әкімшілік департаментінің директоры, Басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
2018 жылғы маусымнан бастап «Даму» қорының Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында болған.
Еске сала кетсек, «Даму» қорын бұған дейін басқарған Сарқұлов Абай Серікұлы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасының төрағасы болып сайланды.
29 сәуір 2019 ж. 421 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру