Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер

Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер

Kyzylorda-News.kz. Қызылордалық сайлаушылар үшін бүгіннен бастап Call-орталық пен «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» мәліметтік сервисі іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы Ғалымжан Рахметов айтты.
Сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасайды.
«Қазіргі таңда облыс аумағында барлығы 366 сайлау учаскесі құрылды және 2019 жылдың 1 қаңтарына 495 708 сайлаушылар саны айқындалды. Сондықтан, жоғарыда айтқанымдай сайлаушылар тізімінің дұрыстығын қамтамасыз етуді тиянақты ұйымдастыру мақсатында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен бүгіннен бастап «400-200» нөмірлі Call-орталығы және «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» мәліметтік сервисі, яғни saylau.orda.gov.kz сайты іске қосылды», - дейді Ғалымжан Рахметов.
Call-орталығы облыс әкімдігі ғимаратының 3-қабатында орналасқан және күнделікті үзіліссіз таңертеңгі 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыс істейді.
Орталық қызметкерлері азаматтардың сайлаушылар тізіміне қатысты сұрақтарына жауап береді және тиісті ақпараттар ұсынады.
Ал, saylau.orda.gov.kz сайтын таңдау арқылы әрбір азамат өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін(ЖСН) енгізе отырып, «Өзіңді табу» батырмасымен қай сайлау учаскесінен дауыс беретінін, сондай-ақ сол сайлау учаскесінің қай мекен-жайда орналасқанын (картадан) көре алады.
30 сәуір 2019 ж. 894 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области