Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мәжілісмендер Сырдария ауданының дамуына жоғары баға берді

Мәжілісмендер Сырдария ауданының дамуына жоғары баға берді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.Смағұл, Н.Әлтаев, Б.Кесебаева, Н.Жұмаділдаева Сырдария ауданында болып, әлеуметтік-мәдени нысандардың жұмысымен танысты. Бул туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Халық қалаулылары аудан әкімі Ғ.Қазантаевпен және аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікеновпен бірге ең алдымен «Еңбек даңқы» музейінде болды.
Аудан тарихынан сыр шертетін бірегей орталықтың жұмысымен танысқан депутаттар «Еңбек даңқы» музейінде жинақталған құнды жәдігерлердің сапалы сақталып, жинақталғанына жоғары баға берді.
Музей қызметкерлері Кеңес Одағы тұсындағы және Тәуелсіздік жылдарындағы Сырдария ауданының даму деңгейі, жүзеге асырған жасампаз жұмыстары мен жетістіктері жөнінде кеңінен таныстырды.
Аудан әкімі Ғ.Қазантаев аталған музейдің Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылғанын атап өтті.
Жұмыс сапары аясында мәжілісмендер аудандық мекемелер үйінің, оның ішінде аудандық жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысып, көпбалалы аналармен кездесті. Атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау жұмыстарының жүргізілу барысын көрді.
Сонымен қатар, «Ақжарма және К» серіктестігінің күріш ақтау цехында болып, ұжым қызметкерлерімен пікір алмасты және спорттық сауықтыру кешенін аралады.


02 мамыр 2019 ж. 489 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области