Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЕНАТОРЛАР СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

СЕНАТОРЛАР СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ


Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бекмырза Еламанов пен Мұрат Бақтиярұлы Сырдария ауданында жұмыс сапарымен болды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сенаторлар аудан әкімі Ғанибек Қазантаевпен бірге "Бақ" және "Қызылдихан" шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесіп, қырмандағы қызу еңбекпен танысты.
Халық қалаулылары Елбасының биылғы Жолдауының мәні мен маңызы туралы келелі ой қозғап, егіншілермен саяси маңызды құжаттың басым бағыттары жөнінде әңгімелесті.
– Биылғы Жолдау – ел тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Елбасы ауылшаруашылық саласына да ерекше мән беріп, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында нақты тапсырмалар берді. Соңғы жылдары Сырдария ауданында көптеген жүйелі жұмыстар атқарылуға. Аграрлы ауданның күрішшілері биылғы егін науқанын табысты қорытындылайтынына сеніміміз мол,- деді Бекмырза Қайыпұлы өз сөзінде.
Егіншілермен кездесу барысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы кәсіпкерлікті дамыту, білім беру саласын заман талабына сай жетілдіру және сұранысқа ие мамандарды қайта даярлау салаларындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Парламент палаталарында қабылданып жатқан заңдарды түсіндірді.
Жұмыс сапары қорытындысында халық қалаулылары серпінді Сырдария ауданының дамуына жоғары баға берді.



16 қазан 2018 ж. 857 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области