Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Аманат»: ашық сайлау өткізуге қоғам ынталы

«Аманат»: ашық сайлау өткізуге қоғам ынталы

Kyzylorda-news.kz. Президент сайлауын ашық та, әділ өткізуге қоғам ынталы. Бұл мақсатта елімізде «Аманат» азаматтық тұғырнамасы құрылып, алғашқы отырысы Нұр-Сұлтан қаласында өткен-ді. Бұл тұғырнаманың белсенді жұмыс жасауына облыстағы қоғамдық ұйымдар да белсенділік танытып отыр.
Бастамашыл топ өкілдерімен кездесу өткізген «Аманат» азаматтық тұғырнамасының облыстық штабының жетекшісі Анар Ізден штаб мүшелерін таныстырып, алдағы жұмыс барысын пысықтады.
«Аманат» азаматтық тұғырнамасы сайлау үдерісіне қоғамдық мониторинг жасау мақсатында құрылды. Бұл әділ, ашық сайлауға мүдделі ел азаматтарының тәуелсіз ерікті бірлестігі. Штабқа қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар, белсенді азаматтар мүше болды. Барлық ауданда штаб жұмысын жүргізетін өкілдер бар,– деді ол.
Басқосуда штаб мүшесі, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту» қоғамдық қорының директоры Жандос Тұсмағамбетов азаматтық тұғырнаманың бес негізгі бағыттан тұратын тұжырымдамасымен таныстырды.
Мұнан әрі штабтың аудандағы өкілдеріне сайлау барысында мониторинг жасаудың тәртібі түсіндірілді.

03 мамыр 2019 ж. 694 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области