Жаңа құраммен қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті
Kyzylorda-News.kz. Достық үйінде облыстық қоғамдық кеңестің жаңа құрамының бірінші отырысы өтті.
Жиынды облыстық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының басшысы Наурызбай Байқадамов ашып, жүргізді. Күн тәртібінде облыстық қоғамдық кеңестің төрағасын, төраға орынбасарын және хатшысын сайлау туралы мәселе қаралды.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 сәуірдегі №314 шешімімен облыстық қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді. Кеңес төрағасы болып М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің директоры Бақытжан Сайлыбаев, төрағаның орынбасары «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Жандос Базартай, хатшысы болып облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов сайланды.