Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда мал жайылымдық жерлер мәселесі талқыланды

Қазалыда мал жайылымдық жерлер мәселесі талқыланды

Kyzylorda-news.kz. Қазалыда аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен ұңғыма, құдық қаздыруға байланысты семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте алға қойған міндетті бағдарламаларды орындау үшін, аудан бойынша мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтардың мал жайылымдық және шабындық жерлерін ұңғыма, құдық қаздыру жұмыстарын жүргізу арқылы суландыруды қолға алу қажеттілігі айтылды.
Аталған мәселеге орай облыс орталығынан «Элит Техно Строй» ЖШС-інің және «Сыр Энергогазтейд» ЖШС-нің өкілдері Құрманғазы Әнесов, Мақсат Тілеубаев өздерінің атқарған жұмыстарымен таныстырды.
Жиын барысында Қызылорда облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Самұрат Имандосов, «Аян» шаруа қожалығының жетекшісі Ибайдулла Тілеп, Шәкен ауылдық округ әкімінің бас маманы Бақытбек Баймаханов, «Шамұратов» шаруа қожалығының жетекшісі Сражадин Шамұратов серіктестік өкілдеріне өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауап алды.
Жиында айтылғандай, шаруашылық жерлерінен ұңғыма қазуға қаржының 80%-ын мемлекет қолдау білдірсе, 20%-ын шаруашылықтар өз есебінен төлейді. Сондай-ақ бұл ұңғыма қазудың шарты тек жайылымдық жерлерге 100 метр тереңдікте ғана қазылады. Бір ұңғыма 2 мың гектар жерді құрайды.
Жиында аудан әкімі бұл жұмыстар бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне бірлесе отырып, тығыз жұмыс жасауды тапсырды.
03 мамыр 2019 ж. 332 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области