Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалы қаласына да көгілдір отын жеткізілмек

Қазалы қаласына да көгілдір отын жеткізілмек

Қазалы ауданының бюджеті өткен жылы 14 млрд. теңге болып бекітілсе, жыл соңында 20 млрд. теңгеден асты. Бюджет көлемі бойынша аймақта Қызылорда қаласынан кейінгі екінші орында. Бұл туралы аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың халыққа есеп беру жиынында белгілі болды, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Аудан басшысы өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын саралап, алдағы міндеттерді де жеткізді.
«Былтыр Ақтан батыр, Пірімов, Ақсуат ауылдарына орталық саябақтар салынды. Абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады. Бозкөл, Шәкен, Бірлік, Сарбұлақ елді мекендерін абаттандыруға аудандық бюджеттен 71 млн. теңге бөлген. Қазалы қаласына газ апару үшін тиісті қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, демеушілік есебінен Ғ.Мұратбаев ауылына көгілдір отын жеткізу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Бұны мемлекеттік - жекешелік әріптестік негізінде іске асыру үшін келісім жүргізіліп жатыр. Әйтеке би кентінде қалып қойған тұрғын үйлерді толықтай газ желісімен қамту үшін аудандық бюджеттен 12,0 млн. теңге бөлініп, жоба әзірленді. Қаржыландыруға ұсындық. Жобаның жалпы құны 155 млн. теңге" – дейді аудан әкімі.

Жиын барысында облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Самұрат Имандосов аудан әкімі М.Ергешбаевтың есебіне өзінің оң бағасын беріп, «Рза» АҚ тауарлы сүт фермасының 2-ші кезеңі іске асырудың инфрақұрылымы туралы өзінің ұсынысын білдірді. Сондай-ақ Еңбек ардагері Ботабай Рыстығұл жол мәселесі туралы өз сұрағына жауап алды.
Жылдық есепті тыңдаған аудан тұрғындары жақсы лебіздерін білдіріп, аудан әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

25 қаңтар 2019 ж. 468 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области