ГАЗ
Бүгінгі күні Әйтеке би кентіндегі тұрғын үйлердің 65 пайызы, яғни 5182-і көгілдір отын игілігін көріп отыр. Газ желісін жүргізу барысында 173 тұрғын үй жобадан тыс қалған.
Осыған орай, газ желісі жүргізілмеген тұрғын үйлерді газ отынына бейімдеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, сараптамадан өткізуге жергілікті бюджеттен 12 млн. теңге бөлінді (Жоба құны 163,0 млн теңге).
Аудан әкімдігіне қарасты 2 бөлімнің (қаржы, әлеуметтік бағдарламалар) ғимараттарын газге бейімдеу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, сараптамадан өткізуге қаржы бөлініп (4,0 млн. теңге), жобалау жұмыстары жүруде.