Қалалық парк жұмысын бастады

Қалалық демалыс паркінің ашылуына орай, қайта жандандыру жұмыстары аясында ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері қайта қалпына келтіріліп, отбасылық және балаларға арналған жаңа аттракциондар мен ойын автоматтары орналастырылған.
Қазіргі таңда демалыс орнында 100-ден аса түрлі ойын-сауық құрылғылары мен аттракциондар демалушыларға қызмет көрсетуге дайын.
Айта кетейік қаламыздың ірі жеке кәсіпкерлері көмегімен парк аумағында жабық ғимараты бар шағын-футбол алаңының құрылысы жүргізіліп, арнайы автотұрақ салынып, жақынарада пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

